скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің 2017 жылдың 9 айындағы қызметі туралы

Мемлекеттік қызмет басқармасы

Облыстың 19 қаласы мен аудандарында 705 мемлекеттік орган қызмет етеді, ондағы мемлекеттік лауазымдар саны  5939 бірлікті құрайды (соның ішінде 3538 бірл. (60%) ЖАО, 2401 бірл. (40%) ОМО АБ), соның ішінде 5436 бірлік толтырылды (соның ішінде 3244 адам (60 %) ЖАО, 2192 адам (40 %) ОМО АБ), бос лауазымдар 8,5% (503 бірл., с.і. ЖАО – 294, ОМО АБ – 209). 29 жасқа дейінгі қызметшілер 1332 (24,5).

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 88,5% (4813) жоғары білімді. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 10 жылды құрайды, лауазымдағы өтілі - 3,4 жыл, ал орташа жасы - 39 жыл.

ЖАО таза ауысушылығы (мемлекеттік қызметтен кету) 178 бірл. құрайды, бұл 5% (штат санынан 3538 бірл.). Барлық мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығына шығу сұхбатын жүргізу арқылы мониторинг жүргізіледі.

Облыста жыл бойы 1270 адам қатысқан бос лауазымдарға 1443 конкурс жарияланды. Қорытындысы бойынша 688 адам жеңімпаз атанды, ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша 94 адам (342 жеңімпаздан) жоғары лауазымдарға тағайындалды.

«ПБҰО» АҚ-мен бірлесіп 3092 адам тестілеуден өтті, с.і. 1614 үміткер - «Б» корпусының бос лауазымдарына, оның 818 немесе 51% 2016 жылы – 1950 адамның 947оң нәтиже алды немесе 48,5%) оң нәтиже алды; құқық қорғау органдарына алғаш орналасатын 1478 азаматтың 639 немесе 43% оң нәтиже алды.

Мемлекеттік органдардың жүйелі түрде жаңа институттарды қолдану жөніндегі жұмыс жалғастырылды, атап айтса, тәлімгерлік  (265 адам мемлекеттік қызметке алғаш рет түсті, оларға 265 тәлімгер тағайындалды), тәжірибе (тәжірибе өту жоспарланған 381 қызметшіден 95,5% өтті), қызмет тиімділігін бағалау (бағалаудан 4526 қызметші өтті, олардың  225 (5%) - өте жақсы, 3664 (81%) - тиімді, 637 (14%) - қанағаттанарлық). Конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді (Департаменттің қазметкерлері 117 мемлекеттік органның конкурстарына қатысты).

Бүгінгі күні аталған тетіктер облыстың барлық мемлекеттік органдарымен қолданылады.

Мемлекеттік қызметшілерді оқытуға мониторинг жүргізіледі. 2017 жылы облыста барлығы 1316 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған. Жоспардың 95%  орындалды (1247 мемлекеттік қызметші оқытылды, соның ішінде қайта даярлау – 341, біліктілікті арттыру – 906).

Персоналды басқару қызметінің күнделікті жұмысына «Е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі енгізілді (642 мемлекеттік орган тіркелді).

Облыстың мемлекеттік органдарында 47 аттестаттау комиссиясы құрылды, онда 3887 мемлекеттік қызметші (ЖАО-2278, ОМОАБ-1609) атттестаттаудан өтті.

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілерімен әңгімелесу қорытындысы бойынша екінші және үшінші деңгейдегі аттестаттау комиссияларында келесі шешімдер қабылданды:

-  «атқаратын лауазымына сай келеді және лауазымында жоғарылатуға ұсынылады» 329 қызметшіге қатысты (ЖАО-159,ОМО АБ-170);

- «атқаратын лауазымына сай келеді» – 3539 мемлекеттік қызметші (ЖАО -2102, ОМО АБ- 1437);

- «атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және төмендетуге ұсынылады» – 17 мемлекеттік қызметші (ЖАО -15,ОМО АБ-2);

- «атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және жұмыстан босатылуға ұсынылады» – 2 мемлекеттік қызметші (ЖАО-2). 

1 қазан күніне 60 аттестаттау шешімі орындалды:

-  56 мемлекеттік қызметші лауазымында жоғарылады (ЖАО-26, ОМО АБ-30);

-  2 мемлекеттік қызметші лауазымдарынан босатылды (ЖАО);

- 2 мемлекеттік қызметші лауазымында төмендетілді (ЖАО).

Аттестаттау комиссияларының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету жұмысы тұрақты жүргізілуде.

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы

2017 жылдың 9 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өтті, онда  57 мәселе қаралды, оның ішінде 50 % алдын алу түрінде: оның ішінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдарының жұмыс қорытындылары – 12, сыбайлас жемқорлық тәуекелдер талдаудың қорытындылары – 4, тәртіптік тәжірибе талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары қызметінің нәтижелері – 8, әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің нәтижелері -2, өзге мәселелер – 3 және 28 тәртіптік іс.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 14 лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, 14 тәртіптік іс тоқтатылды.

Барлық ұсыныстар орындалып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Санаттар бойынша: облыстық департаментінің басшылары - 2, облыстық басқармасының басшысы – 1, облыстық басқармасы басшысының орынбасарлары – 2, аудан әкімінің орынбасарлары - 4, жеке бөлімдердің басшылары - 3, бөлім басшысының орынбасары -1, бас маман -1.

73 қабылдау орындалып, 109 адам қабылданды, оның ішінде көшпелі қабылдауында - 46 адам.

Әдеп жөніндегі кеңес қызметінің мәселелері бойынша БАҚ-та 383 материал жарияланды, теледидарда - 62, газеттер мен басқа баспалы басылымдарда - 97, интернет-ресурстарында - 224.

Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Әбдірахманов Нариман Төлешұлы болып табылады (Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының 2017 жылғы 2 қазандағы № 144 ж/қ бұйрығы).

2017 жылдың 9 айы бойынша азаматтардың 175 өтініштері  түсті (жеке тұлғалардан 122 (69 %), заңды тұлғалардан – 40 (22 %), мемлекеттік қызметшілерден – 9 (5 %), домалақ арыздар – 4 (2 %), 108 өтініш қаралды, тиістілігі бойынша 63 қайта жолданды, 4 қаралуда.

2017 жылдың 9 айында Департамент мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің сақталуы аясында 67 тексеріс өткізді, оның ішінде 11 ішінара тексеріс, азаматтардың өтініштері бойынша 56 жоспардан тыс тексеріс өткізілді.

Қазіргі заңнаманың 486 бұзушылықтары анықталды, оның ішінде ЖАО бойынша - 382, ОМО АБ бойынша - 104.

Тексеріс қорытындылары бойынша заңнаманың бұзушылықтарын жою туралы 27 ұсыныс енгізілді (барлығы орындалды). 23 ұсынған азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.

2017 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 94 мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалар тартылды, оның ішінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері бойынша - 14, тексеріс қорытындылары бойынша - 64, Департаменттің ақпараттық хаттары бойынша - 16.

Тексеріс қорытындылары бойынша 5 тәртіптік іс қозғалды.

Есептік кезеңінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге 787 тәртіптік жаза салынды (2016 жылдың іспеттес кезеңінде  - 969), 2016 жылмен салыстырғанда 19 % азаю байқалады.

Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарында 465, аумақтық мемлекеттік органдарында 322 тәртіптік жаза салынды.

Оның ішінде, атқаратын лауазымынан шығару - 1, лауазымын төмендету - 1, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту - 45, қатаң сөгіс - 38, сөгіс - 201 және  ескерту - 501.

Департаменттің бастамасы бойынша 94 мемлекеттік қызметші  жауапкершілікке тартылды.

83 жаза тәртіптік комиссиялардың ұсынымдары бойынша, 14 Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша салынды, 690 мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылық жасағандарымен келісіп, қызметтік тексеріссіз жауапқа тартылды.

Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 21, Әдеп кодексін бұзғаны үшін - 31, қызметтік тәртібін бұзғаны үшін - 85 және өзге заңнаманы бұзғаны үшін 650 мемлекеттік қызметші тартылды. 

Мерзімнен бұрын 190 жаза алынды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда - 94, орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінде - 96.

Департаментпен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында үнемі түрде әртүрлі нысандағы іс-шаралар жүргізілуде.

2017 жылдың 9 айы бойынша Департамент Әдеп кодексінің нормаларын, әдеп жөніндегі уәкілдің рөлін түсіндіру, мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 170 іс-шара өткізді.

2016 жылдың іспеттес кезеңі бойынша бұл көрсеткіш 17 іс-шараларды құрайды.

Бейне саясаты тұжырымдамасын орындау шеңберінде және тексеріс қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарының ұжымдарында, облыс халқының қатысуымен семинарлар жүргізілуде.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы

2017 жылдың 9 бойынша облыстың мемлекеттік органдарымен 4 550 084  қызметтер (өткен жылдың осындай кезеңінде 3771 259 қызметтер) көрсетілді, оның ішінде Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен– 3 142 606 қызмет және орталық мемлекеттік органдарының аймақтық бөлімшелерімен – 1 407 478 қызметтер көрсетілді.

Бақылау іс-шаралары

2017 жылдың 9 айында Департаментпен 51 тексеріс оның ішінде 13 – ішінара, 20 жоспардан тыс шағымдар бойынша, 18 Агенттіктің тапсырмасы негізінде өткізілген жоспардан тыс тексерістер өткізілді. 

Тексеріс қорытындылар негізінде 45 лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік тәжірибе

Бас маман - инспектор Б.Б. Нуртлесовқа, қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін хаттама толтырылып ӘҚБтК 465 бабындағы 2 тармағымен көзделген құқықбұзушылық жасағаны үшін 113 450 тенге айыппұл салынды.  Осындай жауапкершілікке Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы О.Ш. Құсайынов, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары Б.Ғ. Сембаев және Қорғалжын ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Х. Егімбаев тартылды.

Шағымдарды қарау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 15 шағым қаралды. 7 азаматқа құқықтары қалпына келтірілді.

«Жасырын тұтынушы» жобасы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасын орандау мақсатында Департаментпен 2017 жылдың 24 мамыры мен 31 тамызы аралығында «Жасырынды тұтынушы» тәсілі бойынша қоғамдық бақылау» жобасы шеньерінде мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік қарсылықтарды анықтау бойынша жұмыс өткізілді.

«Жасырын тұтынушы» жобасы шенберінде облыстың 22 мекемесінде 55 бақылау іс-шаралары өткізілді, олардың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсеті саласындағы заңнаманың бұзылуының 35т фактісі анықталды. Мемлекеттік органдарға 36 ұсыныс енгізіліп оның барлығы орындалды.

Түсіндіру жұмысы бойынша ақпарат

Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормаларын түсіндіру мақсатында а.ж. 9 айында Ақмола облысы тұрғындарымен 105 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Ведомствоаралық жұмыс тобы

Өткен кезеңде ВЖТ 3 отырысы өткізіліп 76 ұсыныс енгізілді. Оның барлығы орындалды.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарын, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру  мақсатында Департамент 18 мыңнан астам адамның қатысуымен іс-шаралар кешенін өткізді.

Облыс аудандарында мемлекеттік қызметшілермен, тұрғындармен, кәсіпкерлік субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жастармен семинарлар (кездесулер) өткізілді.

2017 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департамент 581 іс-шара өткізді, соның ішінде 448-і білім беру және ғылыми-тәжірибелік бағытта (семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен форумдар),18-і ақпараттық-түсіндірмелік сипатта (брифингтер,  мини-брифингтер, баспасөз конференциялары, тікелей эфирлер,  авторлық мақалалар) және 115-і мәдени-бұқаралық іс-шаралар (флешмобтар, спорттық іс-шаралар, отырыстар, бұқаралық акциялар және т.б.).

Семинарлар, лекциялар – 316; дөңгелек үстелдер – 110, конференциялар мен форумдар – 11;. зияткерлік  ойындар мен  байқаулар – 11.

Брифингтер, мини-брифингтер, баспасөз конференциялары – 18.

Флеш-мобтар – 20, спорттық іс-шаралар – 35, бұқаралық акциялар  (автошерулер, байқаулар және т.б.) -54, АМТ отырысы – 6.

БАҚ-тағы ақпараттық жұмыс

Республикалық және өңірлік БАҚ-та  826 материал орналастырылды, соның ішінде теледидарда 195 сюжет, баспа басылымдарда – 348 мақала, интернет- ресурстарда(ақпараттық агенттіктерде) –   283.                       

 Республикалық және өңірлік БАҚ-пен тығыз байланыс орнатылды. Департамент басшылығының және лаузымды тұлғаларының қатысуымен  брифингтер, сұхбаттар, ток-шоулар, сонымен қатар, авторлық мақалалар жарияланады. 

Интернет-кеңістіктегі ақпараттық жұмыс

Департаменттің ресми аккаунттары арқылы әлеуметтік желілерде  3856 оқырманның назарына 7917 ақпараттық хабарлама орналастырылды.

Сонымен қатар, Департаменттің имиджін арттыру мақсатында youtube, kaztube видеопорталдарында мекеменің қызметі жөніндегі бейнематериалдар орналастырылады(сюжеттер, роликтер)  

Тұрғындарды көрнекі-бейне ақпараттандыру

Ақмола облысының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы  67 баннер орналастырылды.

Есептік кезеңде Ақмола облысында «Есіктен есікке» акциясы аясында 23 мыңнан астам жемқорлыққа қарсы бағыттағы парақша орналастырылды.

Сонымен қатар, коммуналдық төлемдердің түбіртектеріне жапсыру арқылы 440 мың сыбайлас жемқорлыққа қарсы флаер таратылды.

Led-экрандарда әлеуметтік бейнероликтердің, сонымен қатар, қоғамдық көлікте аудиорликтердің прокаттары ұйымдастырылды.

         Сонымен қатар, а.ж. 10 наурыздан бері өңірде мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ жұмыс істейді, топ құрамына «Жаңару» ҚБ, «Нұр Отан» партиясының,  «Атамекен» өңірлік палатасының өкілдері, Департаменттің, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енген.

Мобильді топ 70 рет сапарға шықты, соның ішінде облыстың 19 өңірі қамтылды (ауылдар, ауылдық округтер, мемлекеттік мемемелер, кәсіпорындар, халықпен кездесу, т.б.) және 106 еңбек ұжымы қатысты.

Білім беру мекемелерімен жұмыс

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын іске асыру аясында 495 «Адал ұрпақ» клубы ашылып, жұмыс істейді, 4172 мектеп оқушысы қамтылған, 495 «Парасатты азамат» бұрышы  құрылды. 

Бүгінгі таңда «Адал ұрпақ» клубы ашылуы тиіс мектептердің 100%-ы қамтылды.

Ашық келісімге қосылу

Ақпараттық және түсіндіру жұмыстарымен түрлі мақсатты аудиторияларды қамти отырып (ҮЕҰ, қоғамдық және кәсіби ұйымдар, жастар ұйымдары,құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері және басқалары), есептік кезеңде облыста Ашық келісімге 3 ұйым қосылды (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Гуманитарлы-техникалық академия), 120 жеке тұлға.

Ашық келісім аясында а.ж. 7 наурызда Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары Қазақстан блогерлері қауымдастығының бастамасымен а.ж. 28 ақпанында басталған «Антивзятка» акциясына қосылды.

Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін талдау  және  анықтау

         2017 жылдың 9 айында  Департамент сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға әкеліп соғатын себептер мен жағдайларды жою мақсатында 11 салада, 27 мемлекеттік органда, ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауын жүргізді.

         22 – Агенттіктің тапсырмасы аясында және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша. (Ақмола облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Ақмола облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы, Ақмола облысының Жер қатынастары басқармасы, Ақмола облысының Жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, Көкшетау қаласының, Зеренді ауданының, Сандықтау ауданының, Бурабай ауданының, Целиноград ауданының, Шортанды ауданының жер қатынастары бөлімі, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментi, Ақмола облысының көліктік бақылау инспекциясы, Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Ақмола облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы,  ҚР ҰЭМi Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi, «ҚазАгро» АҚ ведомстволары: «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақмола облыстық филиалы, «Қаржылық қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалы, «Азық-түлік корпорациясы ҰК»АҚ Ақмола облыстық өкілдігі, Бурабай және Зеренді аудандарының ауыл шаруашылық бөлімдері, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттiк инспекциясы комитетiнiң Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы);

         5 – бастамашылық (Ақмола облысының ауыл шаруашылық басқармасы, Қорғалжын және Шортанды аудандарының ветеринария бөлімдері,Ақмола облысының  кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасы, Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі).

         234 ұсыныс енгізілді, соның ішінде 119-мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты НҚА бөлігінде және 115 – олардың ұйымдастыру – басқарушылық қызметі бойынша  (персоналды басқару тиімділігі бойынша  - 36; мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша - 70, бақылау функцияларын іске асыру - 22, рұқсат беру функцияларын іске асыру – 20; қызметтік әдепті сақтау және тәртіптік практика  – 11; жеке/заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы  – 8; басқа сипаттағы- 67), (199 орындалды,35 орындауда).

         4 сыртқы талдау бойынша енгізілген ұсыныстарды орындау нәтижелері Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында қаралды.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларына қатысты облыстың мемлекеттік органдарына ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар жолданды. Ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіледі (30-дан астам іс-шара). Мемлекеттік органдар 49 ішкі талдау жүргізді (соның ішінде 22- облыстық деңгейде, 27 – аудандық деңгейде), 80 ұсыныс енгізілді (соның ішінде 49- облыстық деңгейде, 31 – аудандық деңгейде).

         Жартыжылдық қорытындылары бойынша 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Уәкілетті органмен -3.

         Департамент (а.ж. мамырдан бастап) орталық аппараттың тапсырмасы бойынша көтеріңкі бағамен жүргізілген сатып алуды анықтау және жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік     сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алу жоспарларының мониторингі  жүргізілді

         Мысалға, ЖЖМ, қағаз (А-4), электр құралдарын және т.б. көтеріңкі бағамен сатып алуға жол берілмеді.

         813 514 теңгеге жуық бюджет қаражаттарының тиімсіз пайдалануына жол берілмеді (15 орган мен ұйым).

        37 ұйымда бағаның     жалпы сомасы 3 993,3 мың теңгеге көтерілуі анықталды.

 

 

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы