скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

26
наурыз
 
наурыз 2019
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
1
2
3
11
12
13
14
15
16
17
25
26
27
28
29
30
31

Соңғы кезеңдердің бірі а.ж. 14 наурызда Бурабай ауданына эстафетаны тапсыру болып табылады. Эстафетаның таңбасы ретінде «Адал жол – Честный путь» кітабы шығады, оған өз кезегінде осы жоба шеңберінде облыстың аудандары мен қалаларының ең жарқын іс-шаралары кіреді. Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Д. Б. Сағындықов Бурабай ауданына «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу эстафетасын тапсырды. Эстафетаны беру Көкшетау қаласы мен аудан шекарасында өтті.



 

«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон барысында Көкшетау тұрғындары арасында әлеуметтік бейне-сауалнама жүргізілді. Зерттеудің нәтижелері коррупция туралы барлық білетінін дәлелдеді. Азаматтардың басым көпшілігі жемқорлықтың жаман екенін біледі. Бейне Көкшетау қаласы Жастар ресурстық орталығының ресми әлеуметтік желілерде жарияланды.



 

Студенттердің сыбайлас жемқорлық құбылыстарын, оның дамуына ықпал ететін факторларды, құқықтық құжаттармен жұмыс жасауды, белсенді өмірлік жағдайды қалыптастыруды, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық шараларын меңгеруін теориялық деңгейін тереңдету мақсатында және «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққы қарсы марафон аясында Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы және Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі бірлесіп а.ж. 6 наурыз күні «Біз жемқорлыққа қарсы» интеллектуалдық брейн-ринг ойының өткізді.

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау, құқықты ағарту және аймақтық тұрғындардың, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл моделін насихаттау, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, моральдік-этикалық құндылықтарды жетілдіру, адал бәсекелестік және Отанымыздың игілігі үшін адал қызмет көрсету қағидаттарын іске асыру мақсатында Көкшетау қаласы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясында а.ж.

А.ж. 13 наурызда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон негізінде Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде 9-10 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Қатысушылар жұмыс барысында екі командаға бөлініп, «Құқықтық мемлекет» және «Конституциялық құқық» атты тақырыпқа постер құрап, баяндамаларын оқып, қорғады.

Жұмыс соңында белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 

В рамках ..... а.ж. 13 наурызда №3 Краснояр орта мектебі негізінде оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық індет-жою міндет» диалогтық алаңы өткізілді.

Диалог алаңы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді, диалог түрінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте, әрине, құқықтық ағарту үлкен рөл атқарады. «Адал жол - Честный путь» облыстық жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында а.ж. 13 наурызда «Честное поколение» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның аясында а.ж. 12 наурыз күні Көкшетау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Ақмола облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті өкілдері мен қала жастардың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесунің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықтың мәдениетің қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жұмылдыру, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне бүкіл қоғамның ахуалын жасау арқылы «нөлдік» шыдамдылық орнату болды.

Ағымдағы жылғы 5 наурызда Көкшетау қаласының №8 орта мектеп негізінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон аясында спорттық эстафета өтті.  «Адал ұрпақ» клубының мүшелері, 9 сынып оқушылары арасындағы спорттық эстафета «Парасыз болашаққа» айдарымен  өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша І орынды 9 "А" сыныбы иеленсе, ІІ орынға 9 "Б" сыныбы жайғасып,  ІІІ орынға 9 "Ә" сыныбы табан тіреді. Қамтылған қатысушылар саны 60 астам адам.

А.ж. 4 наурызда  «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде Көкшетау қаласының №19 орта мектеп базасында «Адал ұрпақ» клубының қатысушылары арасында «Мемлекеттік қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді.

Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын жеткізіп, әсіресе өскелең ұрпақ сыбайлас жемқорлықтан адал болу үшін мектеп қабырғасынан бастап тәрбиені осы бағытта беру маңыздылығы , бұл құбылысқа тосқауыл қою керек деп жазса, кейбір оқушылар заңды қатайту керек деп атап өтті.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы