скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Standart version
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

28
Мамыр
 
Мамыр 2018
 
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сн
Жк
7
8
9
10
11
12
13
28
29
30
31

А.ж. 22 мамыр күні Депаратаменттің бас маманы А.Е.Галиева кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлерге арналған  дәріс өткізді. 

Кездесу барысында А.Е.Галиева жемқорлықтың алдын-алу бойынша заңнама талаптарын түсіндіріп, қоғамда жемқорлық құқықбұзушылық көріністері мүлдем төзбеушілік қағиадатын және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары туралы баяндады.

А.ж. 24 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысы Б. Беспалинов Ақкөл ауданына жұмыс сапарымен жетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті қызметшілерді қызмет етуге, мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ынталандыру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Еңбек етуге уәждемелеудің тиімді әдістерінің бірі қандай да бір салада жоғары нәтижелерге қол жеткізген табысты адамдармен танысу болып табылатыны белгілі.

А.ж. 23 мамырда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегиясын жүзеге асыру, сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілікті дәріптеу мақсатында Көкшетау қаласының Әдебиет және өнер музейінде «Мәдениет қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында музей қызметкерлерімен дөңгелек үстел өтті.

А.ж. 18 мамырда Ақмола облысының барлық мектептерінде  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерінің және олардың  ата-аналарының қатысуымен мектеп бітірушілерге арналған мерекелік концерттер ұйымдастырылды. 

Іс-шараның  мақсаты – оқушылардың және түлектердің бойына адалдық, әділдік, асыл қасиеттерді сіңірудегі ата-ана тәрбиесінің және оқу жылы бойы өткізілген шараларды қорытындылай отырып, өскелең ұрпаққа жоғары адамгершілік қасиеттерді ұстануларының маңыздылығын жеткізу.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабын іске асыру аясында 2018 жылдың 15 мамырында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы А. Галеева Ақмола облысының Әділет департаментінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың сапалы жүргізілуі» тақырыбында семинар-жиналыс өткізді.

Семинар-жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың тетіктері мен негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізудегі тәжірибелік ұсынымдар туралы түсініктер берілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мемлекеттік органдардың ұжымдарындағы спорт пен дене тәрбиесі шараларына белсенді қолдау көрсетіп, мемлекеттік қызметшілердің

Бүгінгі таңда салауатты өмір салытн қолдау мемлекеттік қызметшілер үшін аса маңызды міндеттердің бірі болып келеді.

Ағымдағы жылғы 18 мамыры Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдарының және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының қатысуымен облыстың студент жастарына арналған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді.

А.ж. 18 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызмет ардагерлерінің және жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдар құрылуының 20 жылдығы» тақырыбына кездесу өткізілді.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы