скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.04.2019 г.

Ақмола облысында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің танымалдығы артуда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру бойынша брифинг ұйымдастырып, оған спикер ретінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов қатысты.

Департамент мемлекеттік органдарға бармай ақ мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің түрлі тәсілдерін жетілдіру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Халықты бір реттік хабарландыру арқылы құпия сөзбен және Telegram-бот арқылы мемлекеттік қызмет алуға үйрету жұмыстары атқарылуда, себебі бұл Мемлекеттік корпорация филиалдары жоқ шалғайдағы елді-мекендер үшін өте қажет.

Электронды мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді жеңілдету бойынша жұмыстар жасалуда. 2018 жылы электрондық үкімет порталының @EgovKzBot ботының алғашқы нұсқасы іске қосылды. Бүгін бұл бот арқылы 20-дан астам қызметтер мен сервистерге қол жеткізуге болады.

«Ботпен жұмыс істеу үшін eGov.kz тіркеліп, ұялы телефон нөмірін порталдағы профильмен байланыстыру керек» - дейді спикер.

Қазіргі уақытта электрондық мемлекеттік қызметтер әлдеқайда танымал. Бүгінгі таңда әрбір азамат смартфон арқылы қызмет ала алады. Тіркелген пайдаланушылар саны 5 тыңнан астам адам. Сонымен қатар пайдаланушыларға 55 000 SMS жіберілген. Әдетте азаматтар мекенжай анықтамасын алу үшін сұраныс жібереді. Бұл анықтама 40 мыңнан астам рет беріліпті.

Жалпы Әділбек Мұхамеджановтың айтуынша, мекен-жай анықтамасына қоса жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқтығын немесе сотталмағандығын растайтын анықтамаларға қол жеткізу қызметтері де қазіргі таңда ең сұранысқа ие қызметтер қатарынан табылады.

Сонымен қатар, Ә.Мұхамеджанов «Цифрлық агент» бағдарламасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мүмкіндіктері жөнінде айтып өтті.

«Агенттік әрбір азаматқа кез келген уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына баға беруге мүмкіндік ашатын "Цифрлық агент"  бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаны қолдану үшін оны смартфонға жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркелу қажет. Қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, Қаржы және Еңбек министрліктерінің құрылымдық бөлімдерінің қызметіне баға беру мүмкіндігі бар. Ары қарай бағдарламаға барлық мемлекеттік органдарды қосу жоспарлануда» - дейді Әділбек Мұхамеджанов.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы