скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.04.2019 г.

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсына старт берілді

2019 жылғы 5 сәуірде "Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі" республикалық конкурсына (бұдан әрі - Конкурс) старт берілді.

Конкурсқа қатысуға кемінде бір жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

I кезең - өңірлік конкурстық комиссиялар өткізетін өңірлік деңгейдегі конкурс.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылады;

II кезең - республикалық байқау комиссиясы өткізетін республикалық деңгейдегі конкурс.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша Конкурс жеңімпаздары анықталады.

Конкурсты өткізу мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін насихаттаға, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтауға және көтермелеуге бағытталған.

Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы Әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген.  

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы