скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жемқорлыққа жол жоқ!

«Адал жол –Честный  путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында 14 маусым күні Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жемқорлық құқықбұзушіліқтарға жол бермеу»  тақырыбында «жөңгелек үстел» болып өтті. 

Іс-шара мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын және заңдылығын қамтамасыз ету. 

Диалог барысында Егіндікөл әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің басшысы қатысушыларға  осы бағытта атқарылған жұмыс жөнінде хабарлап, қатысушылар өз ойларын білдірді. 

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі жемқорлық көріністері экономикалық өсім мен дамудың тежеуіші бола отырып, сондай-ақ, мемлекеттік аппаратқа деген сенімді азайтатын әлеуметтік теріс көрініс деген баға берді. 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы