скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

19.06.2017 г.

Жастар салауатты өмір салтын таңдайды

«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы  марафоны аясында Егіндікөл ауданының жастар ресурстық орталығымен  2017 жылғы 10 маусымда «Отан» спорттық кешенінде жастар арасында мини-футбол бойынша жарыс ұйымдастырылды. 

Іс-шара мақсаты – салауатты өмір салтын, табысты қазақстандықтың тұлғасын насихаттау және құқықбұзушылықтың барлық түрлеріне  «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. 

Жарысқа ауылдық округтер, спорттық ұйымдар, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдар және құқық қорғау органдарының командалары қатысты. 

Жарыс нәтижесі бойынша Бауманское ауылдық округі командасы жеңімпаз атанып, балалар және жасөспірімдер спорттық мектебі  командасы – 2-ші орынды және №12 Өртке қарсы қызмет бөлімінің командасы – 3-ші орынды иеленді.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы