скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

13.03.2019 г.

«Жемқорлық жат –жол»

Ағымдағы жылдың 11 наурызында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Көкшетау қаланың «Достар» МС «Жемқорлық жат жол» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара сыбайлас жемқорлық туралы түсінік қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерімен танысу,  аталған мәселеге қатысты жеке пікірі мен ұстанымды қалыптастыру, өз мемлекетінің алдында жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға негізделген нақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында өткізілді

Көкшетау қаласы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Әміржанов Қайрат Жақыпұлы баяндама оқыды.

Дөңгелек үстелге қала жастары, жоғары және орта-арнаулы оқу орындарының студенттері шақырылды. Сонымен қатар, дискуссиялар, ойындар және викториналар өткізілді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы